Мейрамбектің мерейі үстем

Мейрамбектің мерейі үстем Сурет: qaz_olympics

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында бүгін, 11 сәуірде жалауын көтерген Азия чемпионатында еркін күрестен Мейрамбек Қартбай (57 келі) жартылай финалға шықты.



Құрлықтық додада 26 жастағы балуан өзбекстандық Нодир Жұманазаровты 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді ол жартылай финалда жапониялық Кенто Юмиемен белдеседі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Сондай-ақ, ел құрамасынан қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан (92 келі) бірінші айналымда қырғызстандық Ароновты 6:0 есебімен тізе бүктірді.


Тағы бір қазақстандық балуан Санжар Мұхтар (65 келі), Мейіржан Әшіров (70 келі) алғашқы белдесуінен сүрінбей өтті.


Ел құрамасынан Азамат Өміржанов (79 келі) бірінші кездесуде моңғолиялық қарсыласынан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.


Ал ел құрамасынан Асыл айтақын (61 келі), Талғат Сырбаз (74 келі), Азамат дәулетбеков (86 келі), Әділет Давлумбаев (92 келі), Абылай Совет (125 келі) 12 сәуірде бозкілемге шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53