Мәулен Әшімбаев: Мәжіліс таратылса да, елімізде заң шығару қызметі тоқтамайды

Мәулен Әшімбаев: Мәжіліс таратылса да, елімізде заң шығару қызметі тоқтамайды inform.kz

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында Мәжілістің таратылуы және 19 наурызда өтетін Мәжілістің кезектен тыс сайлауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойды. Соған байланысты 2023 жылғы 19 наурызда Мәжілістің кезектен тыс сайлауы өтеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді», - деп жазды Сенат төрағасы.



Оның сөзінше, былтыр өткен референдумда халықтың басым бөлігі еліміздің саяси жүйесін өзгертуге қатысты бастамаларды қолдап, дауыс берді. Соның нәтижесінде конституциялық реформалар іске асырыла бастады. Бүгін қабылданған шешім де осы бағыттағы кешенді жұмыстардың жалғасы екені сөзсіз.


Алдағы сайлаулар жаңа тәртіппен өтеді. Мұндай қадам елімізде демократияны нығайтуға және халықтың алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады. Сайлаушылардың сеніміне ие болған азаматтар күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерді шешуге және Президентіміз айқындаған басымдықтарды жүзеге асыруға тың серпін береді деп сенеміз.



«Осы ретте Мәжіліс таратылса да, елімізде заң шығару қызметі тоқтамайтынын айрықша атап өткен жөн. Соған сәйкес, қазір Парламенттің міндеті толығымен Сенатқа жүктеліп отыр. Бұл – біздің Палата үшін үлкен жауапкершілік. Алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Осындай маңызды кезеңде Сенат еліміздің дамуы үшін қажетті заңдарды уақтылы әрі сапалы түрде қабылдайтын болады», - деді Мәулен Әшімбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09