М.Әуезов атындағы драма театрында жас режиссерлер қойылымдары сахналанды

М.Әуезов атындағы драма театрында жас режиссерлер қойылымдары сахналанды Сурет: автор

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының кіші залында камералық спектакльдер шеруі басталды.


Қойылымдардың шымылдығын Жансерік Серікбайдың режиссерлігімен қойылған “Жүз” психологиялық драмасы ашты. Сондай-ақ спектакльдер шеруінің алғашқы күнінде Ералхан Мырзахметтің режиссерлігімен “Көбелектің әні” драмасы сахналанды.



М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек камералық спектакльдер апталығы нәтижесінде жас 4 режиссердің біреуі театрға жұмысқа алынатынын айтты.



«Бізге былтыр жас драматургтардан 10 пьеса түскен. Сол пьессаларды спектальге айналдыруды ойға алдық. Сондықтан біз жас режиссерлерді шақырып, олармен камералық спектальдерді қойыңыздар деп, театрда мүмкіндік бердік. Басында жетеу еді, енді міне төртеуі нәтижеге жетіп отыр. Енді міне біз 4 баланың ішінен біреуін таңдап, театрға алсақ деген ойымыз бар. Ол үшін екі күннің ішінде 4 спекталь көрсетіліп, спектальдің талқылауы өткізіледі», - деді М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.



Айта кетейік, бүгін “Махаббатқа қызмет” (реж. Әлібек Қосубақ) және “Үзілген үміт” (Ақылбек Хамитов) драмалары театрдың кіші залында  сахналады. Кіру тегін.



⁠«Жүз» мен режиссер ретінде үлкен сахнаға шығарған алғашқы қойылым. Пьессаның аты - “Әділет”, авторы - Мадина Омарова. Алғашқы он шақты пьессаны қатар оқып, өзіме ұнағаны осы болды. Спектакльді қою барысында автормен байланыста болдық және кей шешімдерді өзгертіп отырдық. Мысалы ойласа отырып атын “Жүз” деп өзгерттік. Бұл қойылым тәжірибе ретінде қалса да, театрдың репертуарына қосылса да қуанамын. Ойымыздағы, ішіміздегі айтқымыз келген нәрсені сахна арқылы жеткізуге тырыстық. Ал әрі қарай спектакль тағдырын театр мен көрермендер шешеді», - деді жас режиссер, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының магистранты Жансерік Серікбай.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:15

12:02

11:58

11:40

11:32

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38