Маңғыстауда Қаракөл жағалауынан өлі аққулар табылды

Маңғыстауда Қаракөл жағалауынан өлі аққулар табылды Сурет видеодан алынды

Маңғыстауда Қаракөл жағалауынан өлі аққулар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Видеоны маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Қаракөл көлінің маңында түсірген.


«Бұл жағдай алаңдатады. Қаракөл көлінің жағалауында жүздеген құстардың өлексесі жатыр» дейді ол.


Блогер көлде аққудан басқа құстардың өлексесін кездестірмеген.


ҚазАқпарат бұл мәселе бойынша құзырлы органдарға жүгінді.


Маңғыстау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, қазір мамандар аққулардың қырылу себебін анықтап жатыр.



«Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы, облыстық ветеринария орталығының қызметкерлері мен экологтар оқиға орнында жұмысты бастап кетті», - дейді ол.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09