Мамандар Қазақстанда азық-түлік тапшылығына еш негіз жоқтығын айтты

Мамандар Қазақстанда азық-түлік тапшылығына еш негіз жоқтығын айтты Сурет: Politika09.com

Арнайы мониторинг жүргізіледі.


Қазақстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Министрлік апта сайын ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мониторингін жүргізеді. Әкімдіктердің жедел деректеріне сәйкес, 12 наурыздағы жағдай бойынша республикада барлығы 1,3 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бар, оның ішінде 144 мың тонна ұн, 90 мың тонна қант, 39,3 мың тонна күріш, 21 мың тонна макарон және шамамен 900 мың тонна көкөніс өнімдері, тағы басқалары бар. Азық-түлік қоры жаңартылады және қажеттілігіне қарай күн сайын толықтырылып тұрады», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Сонымен бірге Жеңіс Өсербай республикада жарма, ұн және басқа да тауарлар өндіру үшін шикізат, ет және сүт өнімдерін өндіру үшін мал басы жеткілікті екенін атап өтті.



«Азық-түлік тауарларының барлық дерлік түрі бойынша халық қажеттілігі өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі, ал кейбірінде өндіріс қажеттіліктен айтарлықтай асады. Мысалы, жыл сайын орта есеппен 3 млн тоннадан астам ұн өндіріледі, ал тұтыну көлемі – 1,6 млн тонна, күріш өндірісі де 200 мың тоннаны құрайды, ал қажеттілік – 95 мың тонна. Осылайша, өндірістің қазіргі қарқыны сақталса және тұтынудың дәстүрлі көлемдерін ескере отырып, елде азық-түлік тапшылығының туындауы үшін негіз жоқ екенін хабарлаймыз», - деді Жеңіс Өсербай.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52