Мамандар ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі артқанын айтты

Мамандар ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі артқанын айтты Сурет: Trend.az

Бес ай ішінде өнім көлемі өскен.


Қазақстан Үкіметінің мүшелері өткен бес айда ауыл шаруашылығының  шығарылымы өскенін айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akashamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жыл басынан бері ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 1,3%-ға ұлғайғанын айтты.



«Саладағы өндірістің өсуі 11 өңірде тіркелді. Өсудің ең жоғарғы көрсеткіші Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында байқалуда. Жеті экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдайға тоқталғым келеді. Барлық көрсеткіштер бойынша өсу алты өңірде – Ақмола, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалып отыр», - деді ведомство басшысы.



Сондай-ақ алты көрсеткіш бойынша өсу жеті өңірде тіркелді.


«Олар Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы», - деп атап өтті министр.


Сонымен қатар ол орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отырғанын алға тартты.



«Салынып жатқан объектілерді уақытылы пайдалануға беруді бақылауды қамтамасыз ете отыра, құрылыс жұмыстары маусымын тиімді жүргізу. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын мониторингтеу және тиісті қалыпқа келтіру шараларын қабылдау. Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орындарын құруды екпінді қадағалау. Инвестицияларды белсенді тарту және инвесторлармен нүктелі жұмыс жүргізу, әр инвестициялық жобадан келетін экономикалық қайтарымды максимизациялау қажет», - деді Әлібек Қуантыров.



Сондай-ақ ол экспорттық міндеттемелердің толық орындалуына жәрдемдесу және экспорттаушыларды барлық деңгейлерде қолдау керектігін айтты. Жоғарыда аталған шараларды толықтай іске асыру ел экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48