Май адам ағзасына энергияны сақтау үшін қажет

Май адам ағзасына энергияны сақтау үшін қажет Сурет: Tea.ru

Бірақ, соған қарамай, миллиондаған адам деннің саулығы үшін майлы тағамнан бас тартып келеді.


Сонда май жемейтіндер өздеріне тек зиян жасап жатыр ма?


Салауатты өмір салтын ұстанушылардың дастарханыннан майлы тағамдардың ысырылғанына біраз болды. Сұраныс бар жерде ұсыныс бар. Майлардың орнына дүкен сөрелері майонез және сүт сияқты таныс өнімдердің майсыз баламаларымен толды. Сонда бұл німдер  кәдімгі тағамнан гөрі пайдалы ма және майлы тағамнан толығымен бас тарту қаншалықты дұрыс? Бүгін осы тақырыпты өрбітіп көреміз.


Майдан бас тарту несімен қауіпті?


Артық салмақтан арылғысы келетіндердің көбі тамақтану мәзірінен алып тастағысы келетін майлар шын мәнінде адам ағзасы үшін өте қажет. Бұл туралы «Лента.ру» басылымына берген сұхбатында терапевт әрі кардиолог Людмила Фролова да айтқан. Дәрігер тамақтану рационында болу қажет майларды зиянды деу негізсіз екенін айтады. Шын мәнінде олар энергияның маңызды көзі әрі жасушалар мембранасы үшін құрылыс материалы іспетті. Сонымен бірге, май гормондарды синтездеу үшін қажет.


Сондай-ақ, майлар майда еритін дәрумендердің (A, D, E, K) тасымалдануын қамтамасыз етеді және олардың сіңуіне ықпал етеді


Май сонымен қатар қорғаныс функциясын орындайды: ол маңызды мүшелерді қоршайды (мысалы, бүйрек) және механикалық зақымданудың амортизаторы ретінде қызмет етеді, деп атап өтті маман. Оның жетіспеушілігінен мұндай зақымдану қаупі артады, қабыну процестері күшейеді, тері құрғақ және көмескі тартады.


Май жасушалары тек омыртқалыларда болады, олар энергияны сақтау үшін қажет. Майдың жетіспеушілігі созылмалы шаршаңқылыққа әкеледі


Сондықтан, дәрігердің айтуынша, майларды тұтынудан түбегейлі бас тарту дененің көптеген жүйелерінің жұмысын бұзып қана қоймай, адамның сыртқы келбетіне  теріс әсер етуі мүмкін.


Майлар не үшін қажет?


Ағзаға тамақпен бірге келетін майдың негізгі бөлігі өнімділікті сақтау үшін қажет, дейді Люберцтегі 100med клиникасының бас дәрігері, хирург Георгий Щепетов. Дәрігер бұлшықет жұмысына, сүйек кемігінің денсаулығына, жүйке жасушаларының липидті мембраналарына май қажет екенін түсіндірді.


«Сколково» халықаралық медициналық кластеріндегі израильдік «Хадасса» клиникасы филиалының невропатологы Антон Тихоновский майлар жүйке импульстарының өткізілуін қамтамасыз ететін жүйке талшықтарының миелин қабығына да қажет екенін атап өтті — яғни орталық және перифериялық жүйке жүйелерінің негізгі қызметін қамтамасыз етеді.


Ми, дәлірек айтсақ, орталық жүйке жүйесін құрайтын миелин 75-80 пайыз липидтерден (майлардан) тұрады, қалған бөлігі ақуыздардан тұрады.


Орталық жүйке жүйесі дене салмағының екі пайызын ғана алады, ал ол организмдегі барлық холестериннің төрттен бірінен астамын құрайды, деп толықтырды маман. Дегенмен, дәрігер майдың миға да зиян тигізуі мүмкін екенін ескертті: липидтер алмасуы бұзылған кезде атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болу ықтималдығы артады, бұл инсульт пен инфаркт қаупін арттырады.


Майлы тағамдар тағы қандай кезде ағзаға зиянын тигізеді?


Семіздік тек майлы тағамның салдарынан болатыны рас па?


Арықтағысы келетін адамдар жиі қолданатын майлы тағамдардан бас тарту денсаулыққа қауіпті ғана емес, сонымен қатар салмақ жоғалту тұрғысынан да пайдасыз. «Медицина» АҚ эндокринологы (академик Ройтберг клиникасы) Наталья Тананакина артық салмақ пен семіздік майлы тағамнан емес, қозғалыс жетіспеген кезде артық калориядан пайда болатынын түсіндірді. Сонымен, қозғалыссыз өмір салтымен және қосымша мың калориямен адам күніне бір грамм артық май жинай алады. Ал зат алмасуы баяу адамдарда күніне 100 граммға дейін май қосылуы мүмкін.


Сонымен қатар, кейде  артық салмақ қосуға осы майсыздандырылған тағамдар себеп болып жатады. «Көбінесе мұндай өнімдер тек пайдалы тағам ретінде «ұсынылады». Олардың құрамында бауырға зияндығы майдан кем болмайтын келтіретін қант көп»- деп ескертті медицина ғылымдарының докторы, Джорджия университетінің қызметкері Кшиштоф Чая.


Кейде салмақ қосу адамның не жейтініне байланысты емес. Осындай себептердің қатарына диетолог мамандар келесідей себептерді атайды:


* қатты күйзеліс;


* ұйқының жетіспеушілігі;


* кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау (антидепрессанттар, нейролептиктер, гипогликемиялық препараттар, кейбір гипотензивті және анаболикалық стероидтер, контрацептивтер);


* гормоналды бұзылулар.


Майлы тағамды қалай дұрыс тұтыну керек?


Дені сау болып, жақсармау үшін диетадағы май мөлшері 30 пайыздан аспауы керек,- дейді диетолог-дәрігер Галина Бикбулатова. Ол майлардың сипаттамаларын ескеру қажет екенін атап өтті: жануарлар немесе өсімдіктер, қаныққан немесе қанықпаған, соның ішінде моно және полиқанықпаған деп бөлу керектігін айтты.


Диетадағы негізгі компоненттер қанықпаған май қышқылдары болуы керек, деп толықтырды тағы бір Бекболатова есімді маман. Олар омега-3, омега-6 және омега-9 май қышқылдарына бай және денсаулық үшін маңызды. Терапевт Фролованың айтуынша, өсімдік майларында, жаңғақтарда, тұқымдарда және теңіз балықтарында кездесетін қанықпаған май қышқылдары ерекше құнды.


Қажетті омега-з мөлшерін алу үшін апта сайын екі порция (әрқайсысы 110-150 грамм) майлы балық жеу керек, деп атап өтті Фролова.


Бірақ майсыз өнімдер зиянды болады, дейді мамандар. Диетолог Сара Гароне майы аз тағамдар, соның ішінде майсыз балмұздақ немесе жеңіл майонез тек кейбір созылмалы аурулары бар адамдарға пайдалы, ал тұтынушылардың негізгі бөлігі үшін зиянды екенін түсіндірді.


Көбінесе өндірушілер өнімнен алынған табиғи майды эмульгаторлармен және құрамында қоректік заттар жоқ басқа ингредиенттермен алмастырады, дейді ол. Мысалы, майонез омега-3, фолий қышқылы, А, К, Е, В12 дәрумендері, селен, кальций, фосфор, биотинге бай жұмыртқаның сарысы болғандықтан құнды. Олардың орнына майсыз майонез, көптеген басқа өнімдер сияқты, ағзаға ешқандай пайдасы жоқ ингредиенттерді қосады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08