Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті

Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті Сурет: ашық дереккөз

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қазақстандық боксшы 1/8 финалда оңтүстіккореялық Хонген Чоймен жұдырықтасты.


Мәдина бірден жекпе-жек тізгінін қолға ала білді. Үшінші раундта тіпті қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер шешімі - 5:0, жеңіс М.Нұршаеваның пайдасында.


Тағы бір қазақстандық Жазира Орақбаева бүгін жарыс жолынан шығып қалды. Ол 52 келіге дейінгі салмақта үндістандық Сакши Сакшиге есе жіберді - 0:5.


Бүгін сондай-ақ Жайна Шекербекова (54 кг) өзбекстандық Нигина Уктамовамен, Валентина Хальзова венесуэлалық Мариэлис Ирисамен шаршы алаңға шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31