Лукастың қарсыласы белгілі болды

Лукастың қарсыласы белгілі болды Сурет: instagram.com/angelina_lukas1997/

Ол өз салмағында әлемнің абсолютті чемпионы болуды көздейді


Кәсіпқой бокстан қыздар арасында аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Ангелина Лукас (8-1) келесі жекпе-жегін үнді боксшысына қарсы өткізеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Бұл сында бәске WIBF чемпиондық титулы тігіледі. Бұл туралы Лукастың өзі Instagram-парақшасында жазды. Оның айтуынша, қарсыласы әлсіз емес – алты жекпе-жектің бесеуін жеңген Мамта Сингх. Кездесу Тайландта өтеді.



«Абсолютті чемпион болуға кірістім. Ол үшін IBF, IBO, WIBF, WBO, WBC, WBA, WBF белбеулерінің бәрін біріктіруім керек. Сондықтан, бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды. 10 раундқа жоспарланған төбелеске дайындалып жатырмын. Қарсыласым мықты», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.



Айта кетейік, жекпе-жек 25 сәуірде болады. Ангелина Лукас қазақстандықтарды өзіне қолдау көрсетуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53