Ламинат қоймасынан өрт шықты

Ламинат қоймасынан өрт шықты Сурет: Шымкент ТЖД

Шымкентте ламинат сақтайтын қоймада өрт шықты, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Шымкент ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.


Шымкент ТЖД «101» диспетчерлік пультіне 20 шілдеде сағат 19:47-де Әл-Фараби ауданы, Рашидов көшесінде "Дархан" базары аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.



«Жеке орналасқан бір қабатты көлемі 150 шаршы метр болатын ламинат сақтайтын қойма ішінде ламинат жанды. Өрт салдарынан 1 дана жүк көтергіш зақымданған.


Өрт сағат 20:16-да оқшауланып, сағат 21:16-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығынның көлемі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.




Өртті сөндіруге Шымкент ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 58 қызметкері мен 14 техникасы, Апаттар медицина орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53