Көзден кетсе де, көңілден кетпеген..., 7% кімді жарылқайды? Қар жаумай қалса, қайтеміз?

Көзден кетсе де, көңілден кетпеген..., 7% кімді жарылқайды? Қар жаумай қалса, қайтеміз? Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтының бүгінгі жаңалықтарына шолу – күн керуені


Таиландқа барма!



Сібір жарасын жұқтыру қаупі бар. Туризм және спорт министрлігі Таиландқа баратын қазақстандықтарға ескерту жасады.


«Ашық дереккөздерге сәйкес, Таиландтың Бурирам провинциясы жақын маңдағы Лаоста үш жағдай анықталғаннан кейін, ауыр бактериялық ауру болып табылатын сібір жарасының қаупі бары туралы ескерту жасады.  Сібір жарасы жануарлардан адамға, мысалы, ірі қара мен буйволдың шикі етін жеу арқылы жұғуы мүмкін», делінген Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.


Гүлденсе ауыл...



Биыл ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 900 млрд теңге бөлінді.


«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру ауылдық жерлерге жеке инвестициялар тартуға оң әсерін тигізуде. Министрлік тарапынан 2023 жылы бюджет қаражаты шығыстарының тиімділігіне талдау жүргізілді. Мысал ретінде, Түркістан облысының Төле би ауданының 16 ауылы 3,5 млрд теңгеге бюджеттен қаржыландырылды. Осы ауылдарда 21,2 млрд теңгеге 40 жобаны іске асыруға жеке инвестиция тартылды. Осылайша, 1 бюджеттік теңгеге 6 жеке инвестиция теңгесі тиесілі екенін көріп отырмыз. Ал Ақмола облысының Жақсы ауданының 6 ауылына 1 бюджеттік теңгеге 3 жеке инвестиция теңгесі тартылды», деді Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.


Қар жаумай қалса, қайтеміз?



Парламентте жаңа су кодексін таныстырған Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияздың айтуынша, алдағы бірнеше жыл еліміз қар мен жаңбыр суын пайдаға асырмақ. 2030 жылға қарай өндірістік кәсіпорындар пайдаланатын суларының тең жартысын ағын сулардан алуы тиіс.


Қайтқан жердің қайыры бар ма?



Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді. Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады. Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады.


Көзден кетсе де, көңілден кетпеген...



Елді 30 жылдай басқарған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурыз күні Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтатқан еді. Осыдан бес жыл бұрын дәл осы күні сол кездегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеу жолдап, президенттіктен кететінін мәлімдеген болатын.


Наурыз-керуен



Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз –думан» мерекелік керуені жүріп өтеді. 21 наурыздағы театрландырылған керуенге батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы 1000-нан астам адам қатысады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары арбадағы киіз үйді, қыз күймесін, қоржынға жібек маталар мен кілемдер артқан түйелерді, ат үстіндегі батырларды, құмай тазылар мен мергеншілерді, жалпы жеті қазына нышандарын көре алады.


«Атадан мал қалғанша, тал қалсын!»



Осы тәмсілді ұстанған Алмалы ауданының Ардагерлер Одағы мен Алмалы ауданының Белсенді ұзақ өмір орталығының ақсақалдары Қазақстан-Британ техникалық университетінің жанына ағаш екті.


7% кімді жарылқайды?



Елімізде жаңа ипотека іске қосылмақ. Үкімет жаңа ипотеканы сәуірдің соңында, мамырдың басында іске қоспақшы. Әзірше бағдарламаның бүге-шігесі айқындалған жоқ. Бір анығы: 7%-дық мөлшерлеме тұрмысы төмен отбасыларға арналған: мұндай санатқа көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар және т.б. Қалған жұртқа – 9%-дық мөлшерлеме белгіленеді.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39