Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды

Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды Сурет: Ашық дереккөз

Вирус әлі де тарап жатыр


Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды", - делінген хабарламада.



Осылайша, "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.



"Сонымен қатар COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз, вирус әлі де тарап жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:50

12:44

12:34

12:30

12:27

12:13

12:00

11:40

11:28

11:13

10:51

10:48

10:36

10:34

10:23

10:09

09:54

09:31

09:21

09:18

08:42

08:15

21:17

20:41

20:06