Көпқабатты үйлерді тонаған топ ұсталды

Көпқабатты үйлерді тонаған топ ұсталды polisia.kz

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды


Бұл жолы арнайы іс-шара барысында полицейлер төрт адамды ұстады: үш ұры мен бір ұрланған затты сатып алушы. Криминалдық полицияның мәліметінше, бұл топтың кем дегенде 4 пәтер ұрлығына қатысы бар.


– Бір қызығы, қаскөйлер қала тұрғындарының көпшілігі жұмыста, мектепте немесе іссапарда болатын уақытта ұрлық жасаған. Оның үстіне үштік көпқабатты үйлердің пәтерлерін тонаған. Белгілі болғандай, олар камерадан да тартынбаған: бірнеше қылмыстық эпизод бейнебақылау жүйесі арқылы жазылып қалған. Күдіктілер Ақбұлақ ықшамауданында болған ұрлықтан кейін ұсталды. Сол кезде қаскөйлер бөтеннің құны 1,5 миллион теңгеден асатын мүлкін ұрлаған, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.


Ұсталғандар қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.


ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:36

18:06

17:47

17:37

17:06

16:21

16:15

15:48

15:34

15:31

15:20

15:20

15:16

14:31

14:25

14:25

13:58

13:51

13:15

12:55

12:46

12:38

12:33

12:06

12:02