Көлігіңізді айып алаңына алып кеткен жағдайда не істеу керек?

Көлігіңізді айып алаңына алып кеткен жағдайда не істеу керек? Сурет: Tengrinews.kz Алихан Сариев

Жұмысыңызды аяқтап, көшеге шықсаңыз көлігіңізді айып алаңына алып кетіпті. Осындай жағдайда Сіз алдымен қандай әрекетке көшуіңіз керек?


Жалпы көлікті эвакуациялаудың көптеген себептері бар. Солардың ең жиі кездесетін екі түрі бар. Ол:


Сіз көлігіңізді мүгедектерге арналған тұраққа қойдыңыз (597-бап, 4-бөлім);


Сіз көлікті «автотұраққа тыйым салынады» белгісінің аумағына қалдырдыңыз (597-бап, 3-бөлім).


Жалпы жол полициясының қызметкерлері көлігіңізді эвакуацияламас бұрын сізге қоңырау шалып, машинаңызды айып алаңына алып кететіні туралы ескертуі керек. Егер сіз оны алып кетпес бұрын көлікке қайта оралсаңыз, полиция қызметкерлері оны айыппұл тұрағына алып кетуге құқығы жоқ.


Жол полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша Сізге 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға міндетті. Бұған дейін де осындай әрекетке жол беріп, қайталанған болса онда айыппұл мөлшері 15 АЕК-ке (55 380 теңге) дейін салынады.


Егер көлігіңізді айыппұл тұрағына алып кеткен болса, не істеу керек?


Ең алғашқы әрекетіңіз 102 нөміріне қоңырау шалу керек. Сөйтіп, операторға автомобильдің мемлекеттік нөмірін айтасыз. Дәл осы ақпараттан кейін, оператор сізге эвакуатордың борттық нөмірі және айыппұл алаңының мекен-жайы хабарлайды.


Міне, осыдан кейін айтылған мекен жайдағы айып тұрағына барып, көлікті алып кеткен инспекторды күтесіз. Ол сол жерде болуы мүмкін немесе тағы басқа көліктерді эвакуациялауға кетуі мүмкін.


Инспектор сізге айыппұл жазып, базадан өзге де берешектеріңіз бар-жоқтығына көз жеткізуі тиіс. Егер базада «таза» болсаңыз, онда тек бұзған кінәңіз үшін айыппұл төлейсіз. Егерде өзге қарыздарыңыз болған жағдайда толығымен төлеуіңізге тура келеді.  


Айыппұл төленгеннен кейін көлікті эвакуациялаған ауданның әкімшілік полиция бөліміне барып, айыппұлды төлегеніңізді түбіртек арқылы дәлелдеуіңіз қажет. Міне осыдан кейін көлігіңізді тұрақтан шығаруға рұқсат етіледі.


Қысқасы, уақыт үнемдеу үшін жолдың тыйым салынған жеріне көлігіңізді қалдырып, бір күн уақытыңызды сарп етуіңіз мүмкін. Сондықтан бара жеріңізге алдын ала жоспарлап ертереек жетіңіз. Сонда тыйым салынбаған орынға қоясыз және артық шығындалмасыңыз анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53