Көктемде секпіл көбеймес үшін не істеу керек?

Көктемде секпіл көбеймес үшін не істеу керек? Сурет: Imghub.ru

Көктем келіп, күннің жылынғаны көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кері әсері де болып жатады кейде. Қыз-келіншектердің құлпыратын кезеңі бола тұра, кейбір аруларымызға жағымсыз әсер беретіні де бар. Оның бір айғағы – беттегі секпілдің көбейіп кетуі.


Секпіл - терідегі дөңгелек не сопақша пішінді, ашық сары, қара қоңыр түсті дақ. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Кейде, әсіресе көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас қоңырқай дақтарға айналады. Қыстыгүні секпіл біржола жойылып кетпесе де, бұрынғысынан азая түседі. Жас ұлғая келе, көбінесе 30-дан асқан соң, секпіл өз-өзінен жоғалады. Секпілді біржолата жоюдың амалы жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ernur.kz-ке сілтеме жасап. 


Дегенмен де алдын-ала жасалатын емдік шаралардың мәні зор. Күн қыза бастағаннан (наурыз айының соңы немесе сәуір басталғаннан) кейін және күздің соңғы айларында көшеге шығар алдында бетке арнайы крем жағу керек. Секпілдің дағын байқатпау үшін бетті қатықпен, ашыған айранмен сылап, сутегі асқын тотығының 3 проценттік ерітіндісімен сүрткен де тиімді. Жазғы уақытта бетті лимонның немесе пісіп жетілмеген қарақаттың шырынымен сүрткен пайдалы. Секпілді түссіздендіру үшін «Мелан», «Ахромин» кремдерін пайдалануға болады. Бетті жақсылап тазалап алған соң кремді жағып, 40-60 минут ұстап, мақтамен сүртіп тастау керек. Бұдан кейін бетті жуудың қажеті жоқ.


ЕСКЕРТУ: Бұл кремдерді күндіз көшеге шығарда жағуға және жүкті әйелдерге пайдалануға болмайды. егер мүмкіндігіңіз жетіп жатса, секпілді біржолата кетіру үшін емдік косметикалық процедураларға жүгінгеніңіз дұрыс. Бұл әрине, көктемнің жағымсыз әсерлерінің бірі, сондықтан, бұл мезгілде күн сәулесінің әсерінен болатын беттегі сепкілдің өршіп кетуінен сақтанған дұрыс. Секпілден арылудың бірнеше жолдары бар және оның әсері әркімге әр түрлі. Секпіл бетте тым көбейіп кетпес үшін алдын ала емдік шаралар жасағаныңыз дұрыс.


Ол үшін: - Көшеге шығар алдында күн сәулесінен қорғайтын максималды әсері бар кремдер жағып жүріңіз; - Бетіңіздің біраз бөлігін жауып тұратын күн көзінен сақтайтын көзілдірік пен қалпақ (шляпа) киіп жүріңіз; - Егер күн тым ыстық болса, кеш түскенше ғимарат ішінен мүмкіндігінше шықпауға тырысыңыз; - Бетіңізге күн көзінен сақтайтын кремнен бөлек тоналды крем немесе опа жағып жүріңіз; - Күнделікті тамақтану рационыңызға С және РР дәрумендері мол тағамдарды қосыңыз. Әсіресе жеміс, көкөністі көбірек жеуге тырысыңыз. Бұл мезгілде жемістер мен көкөністерге тапшылық жоқтың қасы, қолжетімді болып тұрғандықтан, мейлінше сол мүмкіндікті пайдаланып қалыңыз. 


Секпілді кетіру


1. Пияздың, лимонның сөлін және асқа пайдаланатын сіркесуды (әрқайсысын 25 грамнан) бір ыдысқа құйып, араластырып, бетіңізге 25 рет маска жасаңыз. 2. Сутегінің 3 пайыздық тотығының 100 грамын 5 грамм мүсәтір спиртіне араластырып, бетіңізді ылғалдаңыз. 15 минуттан кейін тері ағартатын крем жағыңыз. 3. Бір түйір лимонның сөліне 100 грамм бал араластырып, оны бетіңізге 1-5-10 мәрте жағыңыз. Содан соң жылы сумен шайып тастаңыз. 4. Осындай маска жасаумен қатар С дәруменін (20-30 күн бойы 1-1,5 грамнан) және РР дәруменін (никтоламид, никтотин қышқылы) күніне 3 түймедақтан қабылдаған жөн.


Бетіңіздегі секпілдер көбейіп, қарайып үлгерсе: 1) Беттің терісін ағартуға арналған косметикалық құралдарды (крем, гельдер) қолданыңыз; 2) Құрамында С дәрумені көп жеміс, көкөністермен (лимон, құлпынай, қарақат) күн сайын қоректеніңіз; 3) Теріні ағартатын қоспалары бар маскалар жасап, (ақжелкек (хрен), ақжелкен (петрушка), қияр, лимон шырыны) бетіңізге жағып жүріңіз. Бетіңізге масканы жаққаннан кейін теріңізді күн көзінің тікелей түсуінен сақтаңыз. Теріні ағартатын маскалардың барлығы да 2-3 аптада өз нәтижесін береді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:27

09:57

09:48

09:45

09:35

09:31

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11