«KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді

«KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді Сурет: ашық дереккөз

Елордада ерекше форматта кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 15 қыркүйек күні сағат 12:00 мен 22:00 аралығында өтпек.


Фестиваль аясында күндізгі уақытта түрлі баспалардың қатысуымен көрме-жәрмеңке, «Art-vision» қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, bookcrossing, photo zone, балалар шығармашылығына арналған алаңда ертегілер қойылымы, шеберлік сағаттары, интерактивті, ұлттық ойындар, балалар әдебиетінің кейіпкерлер шеруі, флешмоб ұйымдастырылады.


Кешкілік фестивальға жиналғандар «Reader» - жұлдыздардың қатысуымен кітапханаға жазылу акциясына, «Кітапханалық түн» мәдени шарасына қатысады.


«Кітапханалық түн» бағдарламасында бизнес-коучинг, «Musikal party» классикалық музыка кеші, «Quiz» интеллектуалдық алаңы, поэзия кеші, Астананың түнгі аспанын телескоппен тамашалау, түнгі караоке, АНТИКАФЕ «Book & Сoffee» сынды түрлі қызықты мәдени, рухани шаралар ұйымдастырылады.


Фестивальдің мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуал жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу.


Фестивальға қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, елімізге танымал өнер жұлдыздары, жас қаламгерлер, блогерлер, БАҚ-өкілдері, ұстаздар, балалар, кітапханашылар және оқырмандар мен елорда қонақтары қатысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:17

16:16

15:43

15:15

14:41

14:14

13:13

12:49

12:13

11:49

11:28

10:47

10:22

17:38

16:43

16:13

15:51

15:16

14:27

13:02

12:46

12:15

11:46

11:31