Каспий теңізі тартылып барады

Каспий теңізі тартылып барады Сурет: Egemen.kz

Каспий теңізінің қазақстандық акваториясындағы солтүстік бөлігі тартылып барады.


Бұл туралы  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметке сүйенсек, ғарыштан жүргізілген мониторинг Каспий теңізінің тартылу ауқымын көрсетіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 



«Тарихи кезең ішіндегі (15 жыл) әртүрлі уақыттағы ғарыштық түсірілім деректері бойынша Каспий теңізінің жағдайына мониторинг жүргізілді. Ғарыштық түсірілімдердің мұрағат деректеріне сәйкес, Қазақстан акваториясының солтүстік бөлігінде теңіз түбі көрінді. Каспий теңізі тартылып барады. Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша соңғы 15 жылда Каспий теңізінің Қазақстандық секторының акваториясы айтарлықтай (7,1%-ға) қысқарды», -делінген компания таратқан мәліметте. 



Соынмен қатар ғылыми орталық шекарадағы 2008-2023 жылдар аралығындағы су бетінің ауданындағы өзгерістер динамикасын жариялады.



«Каспий теңізінің қазақстандық секторының су беті ауданы 2008 жылы 113 866,67 шаршы шақырымды, 2023 жылы бұл көрсеткіш 105 745,23 шаршы шақырымды құрады. 15 жыл ішінде әртүрлі уақытта түсірілген ғарыштық суреттердің анализі су беті ауданының азайғанын анықтады. Бірақ, теңіз деңгейі төмендегені де мүмкін, бұл жан-жақты кешенді зерттеуді қажет етеді. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі экожүйеге де, теңіз шаруашылығына да әсер ететін бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. ЖҚЗ мәліметтеріне сәйкес ең осал орын Атырау қаласына жақын жердегі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі болып табылады», - деп жазды «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53