Кәсіпкер әйелдерді қолдауға 16,9 млн доллар бөлінді

Кәсіпкер әйелдерді қолдауға 16,9 млн доллар бөлінді Сурет: интернеттен

Үкімет әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөледі.


ЕҚДБ бағдарламасы арқылы кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін Үкіметтен 17 млн долларға жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту жобасының маманы Махаббат Кабираева айтты.


Оның сөзінше, Үкімет Қазақстандағы шағын және орта бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөледі.


Бизнестегі арулар бизнес-идеяларын жүзеге асыру, компаниясын дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашу үшін берілген мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып жатыр.


Одан бөлек, ЕҚДБ мен Қазақстан Үкіметінің "Микробизнестегі әйелдер" жобасы кәсіпкер әйелдерге бизнесті басқару және нарықтағы табысты бәсекеге жету үшін кәсіби машықтануға мүмкіндік береді.



"Шағын және орта бизнеспен айналысатын қазақстандық әйелдердің білімін жетілдірі үшін Үкіметтен 2015-2025 жылға 16,9 млн доллар бөлінді. Бұл жұмыс істеп тұрған кіші бизнестегі қыз- келіншектерге арналған оқу бағдарламасы. Өйткені, кейбір кәсіпкер әйелдер белгілі бір ресурстардың шектелуіне байланысты, проблемаларға тап болып жатады", – деді Махаббат Кабираева.



Ол кәсіпкерлікке жаңадан келген қыз-келіншектер қандай проблемаға жиі ұшырайтынын айтты.



"Бизнес саласына жаңадан аяқ басқан әйелдер көбіне қаржы басқару, маман таңдау және қол астындағы қызметкерлермен тіл табысу бойынша қиындықтарға тап болады. Міне, "Микробизнестегі әйелдер" жобасы осындай түйіткіл дүниенің шешімін тауып береді", – дейді маман.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:52

10:48

10:46

10:29

09:52

09:37

09:28

08:33

08:11

20:37

19:48

19:09

18:56

18:03

17:45

17:30

17:15

17:04

17:02

16:47

16:37

16:33

16:27

16:23

16:11