Жұма күнгі ауа райы болжамы

Жұма күнгі ауа райы болжамы Сурет: Ашық дереккөз

Үсік, қатты жаңбыр, жел


«Қазгидромет» РМК 31 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атырау облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.


Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз өңір орталығында күші 23 м/с артады.


Алматы облысы ндасолтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 17-22 м/с.


Ұлытау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23-28 м/с жетеді.


Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.


Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің батысында, күндіз оңтүстігі мен орталығында күші 15-20 м/с құрайды.


Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей уақытта 23-28 м/с күшейеді.


Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман болжанады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.


Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады. 31 наурыз - 1 сәуір аралығында желдің күші кей уақытта 30 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-6 градус, 1 сәуірде түнде 3-8 градус үсік жүреді.


Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы күндіз таулы аудандарда 28 м/с артады.


Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.


Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, өңірдің оңтүстігінде, батысы мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.


Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53