Жүк пойызы 25 қойды қағып кетті 

Жүк пойызы 25 қойды қағып кетті  polisia.kz

Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында жүк пойызы 25 қойды қағып кетті, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz. сілтеме жасап.


Оқиға Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында болған. Жүк пойызының машинисі темір жолдарда жануарлардың болуына байланысты соқтығысуды болдырмау мақсатында шұғыл тежеуді қолданды.


Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, пойыз 25 қойды қағып кетті. Оның 20-сы өлді. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол Ақтөбе облысының 64 жастағы тұрғыны болып шықты.


Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.


Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында пойыздардың шұғыл тежелуінің 670 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуына байланысты – 172, теміржол төсемінде үй жануарларының болуымен 386 факті тіркелген.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:14

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45