Жібек жеткен жетістік

Жібек жеткен жетістік Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан «ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚТФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жібек Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген беларусьтік Ирина Шиманович - ресейлік Екатерина Яшиналармен шеберлік байқасты.


Жібек пен Мартина 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.


Олар жартылай финалға шығу үшін нидерландылықтар Жасмин Гимбрере - Бибиана Схуфспен таласады.


Гөзал Айнитдинова мен ресейлік Татьяна Прозорова доданың төртінші ракеткалары Моюке Учиджиме - Вонг Хонг Юға жол берді - 2:6, 6:7 (2:7).


Болашағынан мол үміт күттіретін Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай ресейліктер Екатерина Макарова - Анастасия Захаровадан ұтылды. Есеп - 2:6, 3:6.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43

12:19

12:10

12:06

11:59

11:45

11:14

10:55

10:33

10:25

22:19

19:36

19:25