Жібек жартылай финалда

Жібек жартылай финалда Сурет: ашық дереккөз

Теннисші Жібек Құламбаева Тунистің Хаммамет қаласында өтіп жатқан  ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты.


Спортшы алдымен дүниежүзілік рейтингіде 1351-орында тұрған франциялық Эмма Маззониден 6:0, 6:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Одан кейін екінші айналымда әлемнің 362-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, швейцариялық Сюзан Бандеччиді аса тартысты бәсекеде 6:3, 1:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.


Құламбаеваның ширек финалдағы кездесуі де оңайға түскен жоқ. Бұл жолы ол рейтингіде 753-сатыдағы ресейлік Диана Демидовадан 7:6 (8:6), 6:4 есебімен айласын асырды.


Енді Жібек Құламбаева финалға шығу үшін әлемнің 790-ракеткасы, жапониялық Икуми Ямадзакимен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39