Жел күшейіп, бұршақ жауады

Жел күшейіп, бұршақ жауады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

"Казгидромед" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Республика аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған байланысты түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде), күндіз жаңбыр жаууы болжанады. 


Қатты жаңбыр 9 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, қатты жауын-шашын 9-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде орталығында күтіледі. Сондай-ақ жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ және қатты жел болжанады. 


Күндіз республиканың солтүстігінде ауа температурасы 0-8 градус жылы, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта 5-15 градус жылы, батыста және оңтүстікте 15-23 градус жылы болады.


Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09