Жастар жағы өте белсенді

Жастар жағы өте белсенді almaty-akshamy.kz

Саяси науқаннан қалыс қалмай, таңдауын жасауға келгендердің қатарында  спортшыларымыз да бар.  Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Қазақстан 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, паралимпиадашы Серік Есматов  №85 мектепте орналасқан №447 сайлау учаскесіне келіп, референдумға дауыс берді.



– Бүгін елімізде тарихи оқиға – Республикалық референдум өтіп жатыр. Біз үшін бұл өз ұстанымымызды білдіру мен азаматтық парызымызды орындау тәсілі. Таңертеңнен бастап мен өзімнің Түрксіб ауданындағы сайлау учаскемде жүрмін. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы республикамыздың белсенді азаматтарынан бастау алатыны белгілі. Міне, соның дәлелі болса керек, аудан тұрғындары саяси науқанның маңыздылығын шын сезініп, өз таңдауларын жасап жатыр. Әсіресе жастар жағы өте белсенді. Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, елдің тірегі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі. Сондықтан мен жастардың өкілі және мәслихат депутаты ретінде таңдауымды жасап, референдумда өз дауысымды бердім. Өз басым, сайлаушылардың жайдары көңіл-күйлеріне қарап жарқын болашақты сезіне түстім. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52