«Жас қанат–2023»

«Жас қанат–2023» jas.kz

29-шы Республикалық «Жас қанат–2023» жас орындаушылар байқауының ұйымдастырушылары айтулы өнер байқауына дайындықтың қалай жүріп жатқанын  хабарлайды.


Сонымен, биыл бұл байқау ерекше форматта өткелі отыр. Бұрын «Жас қанат» үш күн бойы «минус 1» фонограммасымен өтіп келсе, биыл жас таланттар әр сайыста әртүрлі музыкалық сүйемелдеумен өнер көрсетеді деген шешім қабылданды. Байқаудың бірінші күні олар өз әндерін Александр Беляков жетекшілік ететін эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен шырқайды. Екінші күні «минус 1» фонограммасымен өнер көрсетеді. Ал үшінші күні оларды гитарист, музыкалық өңдеуші, композитор, музыкалық продюсер және дирижер Илья Башкатов басқаратын, құрамында  6 инструменталшы, 4 үрмелі аспапшы және 3 бэк-вокалист бар бэнд сүйемелдейтін болады.  Бұған дейін өткен «Жас қанатта» небәрі 3 жүлделі орын болса, енді олар  «Азия дауысы» фестивалі мен «Жас қанат» байқауының негізін салушылар – Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев атындағы Гран-примен толығып отыр.  



Сондай-ақ, биылғы «Жас қанат–2023» байқауы аясында «ЖАС ҚАНАТ – БАЛАЛАР» бірінші республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтеді. Жас дарындар екі  аталым – вокал және сурет байқауы бойынша бақ сынамақшы.  Байқау 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай, дәл сол күні басталады. Ұйымдастырушылардың  мәліметінше, мектеп оқушылары «Соңғы қоңыраудан» кейін Республика сарайына келіп, осы байқауды тамашалауына болады. Байқауды ересектер мен жас орындаушылар «Жас қанат» әнұранымен ашады.



Балалардың сурет байқауы туралы  бірер сөз айтсақ,  іріктеу кезеңінде «Азия дауысы» деген сөз тіркесі нені елестетеді, сол туралы сурет салу тапсырмасы берілген еді. Балалардың жұмыстары біз күткеннен де асып түсті. Ондағы іріктеудің қалай өтіп жатқанын @azia.dauysy instagram парақшасынан көре аласыздар. Ең қызықты жұмыстарды «Жас қанат–2023» байқауы өтетін Алматыдағы Республика сарайының фойесіндегі көрмеге қоятын боламыз, –дейді ұйымдастырушылар.


 Байқау  барысында  фойеде  аты аңызға айналған халықаралық «Азия дауысы» фестивалі фотомұрағатының көрмесі, балалар сурет көрмесі және «Азия дауысы–2023» сахналық эскиздерінің көрмесі өтеді.  Сахналық эскиздер Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттеріне тапсырылып отыр.  Үздік эскиз авторы 100 000 теңге жүлде алады. Шоу тек сахнада ғана емес,   Республика сарайының фойесінде тик-токерлерге арналған киіз үй орнатылмақшы.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03