«Жас қанат» басталды

«Жас қанат» басталды Сурет: Zakon.kz

Алматыда Республика Сарайында «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы ұйымдастырылды.


Байқауға еліміздің барлық өңірінен 16-27 жас аралығындағы жас таланттар қатысуда. Қатысушылардың қойылымдарын дирижерлер Александр Беляков пен Илья Башкатовтың жетекшілігімен музыкалық оркестр сүйемелдеді.


Байқаудың мақсаты – жас өнерпаздар мен әншішілік өнерге бейімі бар жас өрендерді тарту. Олардың өнер атты айдындағы бағын ашу болып саналады. Бұған қатысушалардың басты мүддесі өз өнерін көрсетіп, болашақтағын бағытын айқындау болып табылады.



  • «Жас қанат» байқауына кезінде өзіим де қатысқанмын. Оған да 20 жыл уақыт өтіпті. Бүгінде өз шәкірттерімді тәрбиелеп, ән додасына қосып жүрмін. Бұйырса үкілеген үміттеріміз топ жарады деген ниеттеміз, – деді ұстаз Айгүл Әбдірашитқызы.


«Жас қанат» байқауының бағдарламасы төмендегідей:


1 маусым – «Жас қанат. Балалар» сағат 12:00, 1-ші күнгі байқаудың жартылай финалының концерті сағат 19:00-де


2 маусым – Алматы күні және А. Беляков эстрадалық-симфониялық оркестрінің жетекшілігімен 2-ші күнгі байқаудың жартылай финалы, сағат 18:30-да


3 маусым - И. Башкатовтың жетекшілігімен ақтық гала-концерт, әрі сағат 15:00-де марапаттау рәсімі өтеді


Айта кетейік, аталған шара 3 күнге ұласады. Дәлірек 1-3 маусым аралығын қамтиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53