Жас қанат-2023

Жас қанат-2023 Almaty-akshamy.kz

Республика сарайында тұңғыш рет «Жас қанат. Балалар» байқауы және «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының бірінші жартылай финалы өтті.


«Жас қанат. Балалар» байқауына 22 үміткер қатысты. Олардың керемет өнер көрсеткені сонша, қазылар алқасы шешім шығарар алдында қиналып, ұзақ талқылады. Нәтижесінде олар үш жүлде тағайындап қана қоймай, сол жерде Гран-при туралы шешім қабылдады. 



Гран-при алматылық Дастан Тұрдалыға бұйырды. 1 орынды Түркістан облысынан келген Зере Жүнісбай, 2 орынды маңғыстаулық Әмина Асғатова, 3 орынды Ақтөбе облысынан келген Балым Нысаналы иеленді. Жеңімпаздарға алтын, күміс және қола қанаттардан бөлек, алдағы халықаралық «Азия дауысы» фестиваліне дайындық үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың атынан ақшалай гранттар табыс етілді. 



Қазылар алқасының мүшесі, әнші, сазгер Медеу Арынбаев «Бұл өте әсерлі сәт болды. Балалар шын жүректен ән айтқан кезде техникалық және вокалдық қабілеттері туралы ойланбайсың. Бұл тазалық, керемет ертегі, олардың сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес! Олардан ересектер көп нәрсе үйренуі керек. Әрине, мұнда жеңілгендер жоқ, бәрі де жеңімпаз, бәрі тамаша. Біз ұзақ уақыт бойы үздікті таңдай алмадық», - деді.


Сондай-ақ бүгін «Азия дауысы» фестивалі тақырыбындағы балалар суреті байқауының жеңімпаздары да жүлде алды. Қазылар алқасы қола қанатты жезқазғандық Аида Дербіске берді. Күміс қостанайлық Кира Лантух, алтын қанат Айсель Мұқашеваға бұйырды. Шығармашылық байқауға Қазақстанның барлық өңірінен балалар 311 жұмыс жіберді. Әрине, олар «Азия дауысының» не екенін білмейді. Олар аңызға айналған байқау туралы ата-аналарынан, ата-әжелерінен сұрап білген. Дегенмен, ұсынылған жұмыстардың деңгейі таң қалдырады. Балалар әртүрлі әдістерді қолданған. Жұмыстар бірнеше санат, оның ішінде түпкі идея мен шығармашылық ойлау бойынша да бағаланды. Байқауға 169 мектеп, гимназия мен лицейден, сондай-ақ аналары байқау туралы интернеттен өз бетінше білген балалар қатысты. Қазір Республика сарайының фойесінде қойылған бұл туындылар «Азия дауысы» кезінде Almaty Gallery қабырғасында қойылады! Көрермендер бұл таңғажайып көрмені тағы бір рет тамашалауға мүмкіндік алды.


1 маусым күні кешке «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының бірінші жартылай финалы өтті. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша үздік үштік анықталды:


1. Нарғыз Жанұзақова, Ақтөбе – 110 ұпай


2. Алмагүл Батталиева, Алматы – 108 ұпай


3. Ерназар Жұбан, Алматы және Аружан Бисембай, Орал – 105 ұпай.




Байқау кестесі:


3 маусым. 15:00 - Гала-концерт: Байқаудың 3-ші күні, финал (И. Башқатовтың жетекшілігімен оркестр), марапаттау рәсімі.


3 маусым. 19:00 – Қорытынды кеш: «Жас Қанат 2023» жеңімпаздарының БАҚ өкілдеріне сұхбаты. Мекен-жайы: MediaCafe, Қашқар көшесі 69\102


Әріптестер, сіздерге фотосуреттер, сұхбат ұйымдастыру немесе басқа да қосымша материалдар қажет болса, біздің баспасөз орталығына хабарласа аласыздар. 


+7 777 363 2820, Марат Қайырбеков. [email protected]


Бас демеуші: «ASTANA MOTORS» ҚМК «CHERY» сауда белгісімен


Ресми телеарна - Almaty.tv


Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» және «Вечерний Алматы».


Ақпараттық қолдау: 1-канал Евразия, НТК, Хабар, MUZZONE TV, Business FM, RadioCity, Business Kazakhstan, Қала мен Дала, Kursiv, Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Nege.kz, Arbat.media, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, DALA INSIDE және Қазақстан баспасөз клубы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33