Жәнібек Әлімханұлы алғаш рет әлемнің үздік боксшылар рейтингіне енді

Жәнібек Әлімханұлы алғаш рет әлемнің үздік боксшылар рейтингіне енді Сурет: Inform.kz

World Boxing News порталы 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound) әлемдегі ең үздік 50 боксшының қазіргі рейтингін ұсынды


Жақында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы өзінің әлем чемпионы титулын сәтті қорғаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы тізімге алғаш рет енді. Ол рейтингте 49-шы орында тұр.


IBF, WBA Super және IBO орта дивизионының иегері Геннадий Головкин тізімнің 28-қатарында.


Тізімде украиналық супер ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпионы Александр Усик көш бастады. Екінші орында екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр.


Бұған дейін хабарланғандай, WBO Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен одан салмағы төмендеу мексикалық бұрынғы чемпион Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) арасында жекпе-жекті белгіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53