Жаңажылдық мерекеде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі басым болды

Жаңажылдық мерекеде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі басым болды almaty-akshamy.kz

Алматының полицейлері жаңажылдық мерекенің қалай өткенін айтты 


Алматы тұрғындары мен қонақтары демалып жатқанда, құтқарушылар, полицейлер мен дәрігерлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жаңа жылдың демалыс күндері аяқталысымен, мамандар Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Мегаполистегі мереке күндері салыстырмалы түрде тыныш өтті, жаппай демалыс орындарында оқыс оқиға болған жоқ. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласының полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Диас Дуанбеков мәлім етті.


Жаңажылдық мереке күндері күнделікті жүздеген полицей жұмысқа шықты. 2022 жылдың 25 желтоқсанында қалада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. ПД қызметі мен бөлімшелерінің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Патрульдік полиция жасақтарының саны ұлғайтылып, жаяу патрульдік маршруттар әзірленді.



«Адамдар көп жиналатын нысандарға, сондай-ақ мерекелік және ойын-сауық шараларын өткізуге арналған орындарға ерекше назар аударылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік туды. Негізінен бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі басым болды. 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында қалада  бөтеннің мүлкін ұрлаудың 30 дерегі тіркелсе, оның 24-і жедел іздеу барысында ізі суымай ашылды», - деді Д.Дуанбеков.



Сонымен бірге, бұл күндері мегаполисте 2 бұзақылық, 1 тонау орын алған. Күдіктілер қылмыс орнында ұсталды. Сонымен қатар, есірткіге қатысты екі қылмыс анықталды. Жалпы, полиция қызметкері атап өткендей, қалада жағдай тұрақты және бақылауда.
 
Айта кетерлігі, облыстың полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау, әсіресе, ауа райының қиын жағдайында бірнеше рет ескерту жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53