«Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» белгілі болды

«Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» белгілі болды Сурет: Elorda.info

Сайысқа қатысуға 200-ден астам түрлі мамандық иесі өтініш білдірген.


Елордада «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Хабар24 жазуынша, сайысқа қатысуға елдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам түрлі мамандық иесі өтініш білдірген. Байқау шартына сәйкес, әрбір қатысушы «Ел дамуына қосқан үлесім» тақырыбында бейнебаян әзірледі. Осылайша әділқазы мүшелері үздіктерді анықтап, жүйрік шыққан 100 азамат  «Жаңа есім» төсбелгісі және бірінші дәрежелі диплом иегері атанды. Шара «Жаңа Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.



«Бұл шараның мақсаты – халықтың арасында танымал болмаған азаматтарды таныту. Жеңімпаз атанғандар өздерінің мақсат мұраттарын айқындай алады. Оны біз қоғамдық негізде халықтың алдында осы азаматтарды танытамыз. Конкурсқа қатысқандардың ішінде дәрігерлер, кәсіпкерлер, жас ғалымдар, одан басқа мұғалімдер қатысып отыр», - деді «Жаңа Қазақстан» ҚБ төрағасы Мағжан Садыханұлы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37