Жаңа мектептің құрылысы қолға алынды

Жаңа мектептің құрылысы қолға алынды Сурет: ашық дереккөз

Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мәселелері әкімдіктің тұрақты бақылауында.


Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін ауданда мектептерге қосымша ғимараттар салу және жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 2 мектептің (№34 және 144 гимназиялар) 850 орындық 2 қосымша ғимараты пайдалануға беріліп, Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық жеке мектеп (Прометеус) ашылды,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 



«Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесі қиылысындағы учаскеде 1,5 мың орындық жаңа мектептің құрылысын бастап, 2024 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ауданның екі мектебіне әрқайсысы 300 орындық қосымша құрылыстар салу жобалары әзірленуде. Шілде айында № 15 гимназияны сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталады және тамыз айына дейін № 136 мектеп-гимназияны күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейтуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді, - дейді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.



Мектепке дейінгі білім беру саласында өткен жылы 290 орындық 5 жеке меншік балабақша ашылып, №7 балабақшаны сейсмикалық күшейту аяқталған. Мәуленов көшесі, 57 мекенжайдағы қайтарылған бұрынғы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіліп, сейсмикалық күшейтуге арналған жобалау-сметалық құжаттама мамыр айында сараптамадан шығады,
2023 жылдың күзінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37