Жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынады

Жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынады Сурет: Kzl.sud.kz

Айыппұл мөлшері 16 млн теңге шамасында болмақ.


Жыл басынан бері осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 28 адамның 8-і бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Олардың арасында кәмелет жасына толмаған балалар, тіпті 1-сынып оқушысы да бар.


Биыл 111 адам мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындарға жарылғыш зат қойылды деп қоңырау шалып, хат жіберген. Ал полицейлер жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


Жалған ақпарат таратушылардың арасында кәмелет жасына толмаған балалар, тіпті 1-сынып оқушысы да бар.


Мамандардың айтуынша, жарылғыш зат туралы хабарлама көбінде еріккен, іші пысқан, мас адамдардан түседі. Олар мұндай қадамға кек алу, бұзақылық, мекеменің жұмысына кедергі келтіру, мектептегі сабақты болдырмау және құқық қорғау органдарының жұмысын тексеру үшін барады екен.



«Соңғы 3 айда «бомба қойылды» деген ақпараттан соң Алматы, Ақтөбе, Павлодар облысындағы мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды. Бір жағдайда жалған хабарламаны кәмелет жасына толмаған бала берген. Оның ата-анасына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Осыған дейін болған барлық жағдайда жарылғыш заттар туралы ақпарат расталған емес. Біздің есептеуімізше, осындай жалған шақырту бойынша бір рет шыққанда 200-300 мың теңгеге дейін жұмсалады. Ал ірі кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалғанда, әр сағат сайын миллиондаған теңге зиян келеді», - деді ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.



Бұл ретте ол жалған ақпарат үшін 16 миллион теңгеге дейін айыппұл салынатынын ескертіп отыр. Сондай-ақ мұндай қылмыстық іске барғандарды 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39