Юлия Путинцева Astana Open WTA турнирінің финалына шықты

Юлия Путинцева Astana Open WTA турнирінің финалына шықты Cурет:ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстан теннисшісі матчты жеңіспен түйіндеді


Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


ҚТФ баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Юлия Путинцева жартылай финалда әлемнің 86-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты. Р.Петерсон осы дода барысында тағы бір қазақстандық Зарина Диястан айласын асырып кеткен болатын.


Бұл жолы бірінші партияда Юлияның басымдылығы айқын байқалды – 6:2. Ю.Путинцева екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 4:1. Матчқа доп бергенде, Петерсон брейк жасап, есепті қысқартты – 3:5.


Дегенмен Қазақстан теннисшісі матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:4 Ю.Путинцева финалда әлемнің 89-ыншы, осы доданың екінші ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен бас жүлдені сарапқа салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11