Италияда төрт тоннадан астам кокаин тәркіленді

Италияда төрт тоннадан астам кокаин тәркіленді Сурет: Delfi.lv

38 адам қамауға алынған.


Италияның Триест қаласындағы қаржы полициясы мен мафияға қарсы күрес тобы 4,3 тонналық кокаин тәркіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eurointegration.com сілтеме жасап.


Тәртіп сақшылары кокаиннен бөлек 1,8 миллион еуро ақша мен бірнеше көлікті де тәркіледі.


Сондай-ақ бұл есірткіні Колумбиядан Еуропаға тасымалдауға қатысы бар деген 38 адам ұсталды. Тізбектің мүшелері Италия, Словения, Хорватия, Нидерланды, Болгария және Колумбияда болуы ықтимал.


Болжам бойынша, тәркіленген есірткінің құны қылмыстық топтарға көтерме сату үшін 96 миллион еуроға бағаланады, ал соңғы тұтынушыға бөлшек саудада сатылған жағдайда ол 240 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін.


Есірткі мен тізбек мүшелерінің сәтті ұсталуымен аяқталған тергеу Колумбия мен АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп бір жылдан астам уақыт бұрын басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13