Иранда көпқабатты ғимарат күл-талқан болды

Иранда көпқабатты ғимарат күл-талқан болды Cурет: Zakon.kz

Қиранды астында қалып кеткен адам көп


Иранның Абадан қаласында 10 қабатты ғимарат опырылып құлады. Қирандының астында шамамен 80 адам болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Құтқарушылардың соңғы мәліметтері бойынша, оқыс оқиға салдарынан бес адам қаза тапты, тағы 27 адам жарақат алды.


Сондай-ақ, провинция губернаторы басқармасы таоартқан мәліметке сүйенсек, аталған апатты жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін, өйткені құлаған ғимарат қаладағы тығыз орналасқан көпқабатты тұрғын-үйлер арасында болған.



"Құтқару операциясы көрші ғимараттың да әрең тұрғандығына байланысты қиынға соғуда, ол да құлап кетуі мүмкін", – деді Қызыл жарты айдың жергілікті қоғамы.



Қазіргі уақытта оқиға орнында бірнеше құтқару және өрт сөндіру бөлімшелері, сондай-ақ дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Билік іздестіру жұмыстарына тағы 50-ге жуық құтқарушылар тобын, сондай-ақ зардап шеккендерді ауруханаға эвакуациялау үшін тікұшақты да жұмылдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09