Иранда карантин жарияланды

Иранда карантин жарияланды Сурет: ашық дереккөз

Иранның Оңтүстік Ахваз қаласында ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша 51 градусқа жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Аптап ыстық салдарынан елде екі күндік карантин жарияланды. Бұрын-соңды тіркелмеген мұндай жоғары температура оңтүстіктегі бірнеше қалада  байқалды. Жергілікті билік тұрғындардан үйде қалуды сұрады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларды төтенше жағдайға дайындап жатыр. Ел астанасы Тегеранда температура 39 градусқа жеткен. Айта кетерлігі, соңғы аптада мұндай жағдай Жер шарының көп бөлігінде тіркелді. Ғалымдар оны антропогендік климаттың өзгеруімен байланыстырады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52