Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясының басшысы болғысы келетінін айтты

Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясының басшысы болғысы келетінін айтты Сурет: Ашық дереккөз

Елдегі спорттың деңгейін түсірмеу жолдарын іздеуге тура келеді.


Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында Илья Ильин өзін Ауыр атлетика федерациясының басшысы қызметіне ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.



«Ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай келеміз. Бір жарым жыл бұрын мен менеджер болып кірген кезде, жаттықтырушылармен сөйлескем, біз көптеген мәселені талқыладық. Бір спортшының өз-өзіне қол салғанын да білесіздер. Сол кезде психологтар керек екенін айттым. Өңірлерді аралап, бапкерлермен сөйлесіп, елдегі спорттың деңгейін түсірмеу  жолдарын іздеуге тура келді», - деді Ильин.



Ол өзінің командасымен бірге федерация жұмысын қолға алуға дайын екенін айтты.



«Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке және Асхат Ораловқа өтініш білдіремін, бір шешім қабылдаңыздар.  Қолдау білдіріп, нақты тапсырмалар беріңіздер», – деп мәлім етті спортшы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13