ІІМ қызметкері жауынгерлік тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты

ІІМ қызметкері жауынгерлік тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты Сурет: Ашық дереккөз

Бұл - полиция қызметкерінің ресми тіркелген төртінші рекорды


Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық авиабазада ІІМ әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын 15 метрге жылжытып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл - полиция қызметкерінің ресми тіркелген төртінші рекорды. Бұрын ол екі локомотивті, 42 тонналық Airbus ұшағын және 10 жол талғамайтын көлікті орнынан жылжытқан.


Ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын кезеңі – көктем меркесіне арналған шараға қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қатысты. Екі ведомствоның басшылары спортшыны жаңа жетістігімен құттықтады.


Оған Қазақстан рекордтар кітабы ұйымының атынан арнайы сертификат табысталды.



"Бүгін барлығымыз Қазақстан рекордының куәгері болып отырмыз. Күштік экстрим саласындағы белгілі спортшы, ІІМ қызметкері Бауыржан Камалиев біздің кеңсемізге өзінің ұсынысымен шықты. Ол бұрын да өзінің рекордтарымен елімізге, әлемге танымал болған. Біз мұндай спортшыларды әрдайым қолдауға дайынбыз", - деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.



Бауыржан Камалиев  жаңа рекордты жасамас бұрын үш ай дайындалған. Оның базалық спорт түрі – ауыр атлетика.


Пауэрлифтингтен еліміздің спорт шебері ішкі істер органдарында 15 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31