Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінен сызылуы мүмкін

Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінен сызылуы мүмкін Сурет: ашық дереккөз

Мамандар археологиялық ескерткіштерді зерттеу мен сақтаумен екі түрлі министрлік айналысатынын сынға алды.



Ашық НҚА порталында жарияланған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР заңы жобасының консультативтік құжатында Яссауи кесенесін сақтау қаупі жойылмаған жағдайда, оның ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміндегі мәртебесін жоғалтуы мүмкін екені жазылған. 


Бұған алғышарттар бар. Мысалы, жобада археологиялық ескерткіштерге қатысты жұмыстармен екі түрлі министрліктің айналысуы тиімділік бермейтіні жазылған. Атап айтқанда, тарихи-мәдени маңызы бар объектілерді қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган Мәдениет және спорт министрлігі болса, археологиялық ескерткіштерді зерттеу жөніндегі бағдарламаларды қаржыландырумен Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті айналысады.



«Нәтижесінде екі түрлі министрлік тарихи нысандарды сақтаумен, зерттеумен және танымал етумен айналысады, бұл осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етпейді», – деп жазылған жобада. 




Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 27 қыркүйекте Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жай-күйінің сақталуына қатысты Үкіметке тапсырма берген болатын. 


Қазіргі уақытта Кесененің ылғалдану жағдайы бойынша зерттеу, зерделеу жұмыстары қолға алынған. 2022 жылы кесененің әр бөлігінде оның температуралық-ылғалдық режимін, қабырғаларындағы жарықшақтарды қадағалайтын мониторингтік жүйе орнатылды. 



«2022-2024 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде кесененің жағдайын әртүрлі бейімдегі ғылыми-зерттеу институттары 2023 жылы зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми зерттеу 2 жұмыстарына Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, У. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, «Қазқайтажаңарту» мекемесі, Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік республикалық тарихи-мәдени музей-қорығы қатысады. 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен Кесенеде толық ғылыми-зерделеу жұмыстарын жүргізуге 317 млн теңге қаржы бөлінді», – деп жауап берген болатын Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56