Хоккей: Қазақстан-Ұлыбритания 15:1

Хоккей: Қазақстан-Ұлыбритания 15:1 www.inform.kz

Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы Американың Лейк-Плэсиде қаласында Универсиада-2023 турнирі аясындағы үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Sports.kz сілтеме жасап.


Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Ұлыбритания құрамасына қарсы ойнады.


Матчтың есебін Батырлан Мұратов ашты, артынша британиялықтардан Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Содан кейін Қазақстан алғашқы үзіліске дейін 5 шайба соғып, алға шықты – Батырлан Мұратов дубль жасаса, Максим Мухаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко мен Артем Королев мергендік танытты.



Екінші кезеңде отандастарымыз қарсылас қақпасына тағы жеті шайба енгізіп, тас-талқанын шығарды. Гол авторлары – Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов (хет-трик), Руслан Демин, Әли Қасенов, Кирилл Полохов және Гавриленко (дубль). Үшінші бөлімде Полохов матчтағы екінші шайбасын соғып, есепті еселеді – 14:1. Матч нүктесін Мұхаметов қойып, есепті 15:1-ге жеткізді.



Еске салайық, бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея (5:1) мен Венгрия (9:1) құрамаларын тас-талқан еткен болатын. Сондай-ақ Қазақстан өз тобында Словакия және АҚШ құрамаларымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49

10:46

09:37

09:33

09:29

09:20

09:00

08:45

08:34