Грузия Еуропаға жете алмай жүр

Грузия Еуропаға жете алмай жүр ekhokavkaza.com

Оған М.Саакашвили мен Б.Иванишвили арасындағы бәсеке себеп болып отыр


Михаил Саакашвили биліктен кеткеннен кейін Грузияда Парламенттің саяси ықпалы күшейді. Кезең-кезеңімен президенттің билігі төмендеп, мемлекет толық парламенттік республикаға айналды. Дегенмен, соңғы жылдары президент пен парламент арасында кикілжің белгілері білінуде. Оған бір жағы Саакашвилидің елге оралуы әсер етсе, екінші жағынан Брюссель ықпал етуде. Жақын болашақта саяси дағдарыс күтілмесе де, елдің тар жол, тайғақ кешуіне тура келеді.


 


СААКАШВИЛИ САЯСИ ҚАТЕЛІК ЖАСАДЫ


Михаил Саакашвили 2004– 2013 жылдары Грузияның прези­денті болған. Ол 2003 жылы жап­пай наразылықтан кейін билікке келді. Сол кездегі наразылықтың басты себебі парламент сайлауын­дағы сайлау туралы заңның бұзы­луы еді.


Парламенттегі басым орынға таласқа басты екі саяси партия түсті. Бірі экс-президент Э.Ше­варднадзе бастаған «Жаңа Грузия үшін» және А.Абашидзенің «Гру­зияның демократиялық түлеуі» партиялары болса, оған қарсы М.Саакашвилидің «Бірлескен ха­лық қозғалысы» мен Н.Бурджанад­зе, З.Жвания басқарған «Бурджа­надзе демократтары» бәсекеге түсті. Саяси бәйгеде президенттің саяси бірлестігі жеңіске жетті. Алайда, бұған Саакашвили келіс­пей, елде кең көлемде наразылық­тар болып өтті. Қоғамдағы наразы­лық күшейіп, Шеварднадзенің биліктен кетуіне тура келді.


2004 жылы Саакашвили бас­қарған саяси бірлестік ірі күшке айналып, бірлескен «Біртұтас ұлт­тық қозғалыс» партиясы құрылды. Сол жылы 4 қаңтарда жаңа прези­дент сайлауы өтіп, қозғалыстың лидері Саакашвили айқын басым­дықпен жеңіске жетті. Алайда, ішкі және сыртқы саяси дағдарыстан кейін 2008 жылы мерзімінен бұрын сайлау өтеді. 5 қаңтарда өткен сай­лауда ол 53%-дан астам дауыспен жеңіске жетті. Мұндай төмен нәти­же көрсетуіне оның саяси ықпалы­ның төмендеуі себеп болды. Ал оның саяси ықпалына олигарх Бидзина Иванишвили құрған «Гру­зия арманы» партиясымен текеті­ресі әсер етті.


Әйтсе де, Саакашвилидің ре­форматор екені сөзсіз. Ол билікке келгесін елде күрделі құрылымдық реформаларды жүзеге асырды. Олардың ішінде жемқорлықпен күресті ерекше атап өткен жөн. Ө т ке н ж ы л ғ ы Tr a n s p a r e n c y International үкіметтік емес ұйымы­ның жемқорлыққа деңгейі бойын­ша рейтингте Грузия 180 елдің ішінде 41 орынды иеленген. Бұл көрсеткіш посткеңестік кеңістік­тегі ең жақсы нәтиже. Десе де, ха­лықаралық ұйым соңғы 10 жылда бұл салада айтарлықтай өзгеріс жоқ деген қорытындыға келген. Оған басты себеп елдегі клептокра­тиялық тенденцияның күшеюі дейді сарапшылар. Грузиядағы олигополияның ықпалы туралы ЕО та айтып келеді.



БИДЗИНА ИВАНИШВИЛИ – ГРУЗИЯНЫҢ СҰР КАРДИНАЛЫ


2011 жылы олигарх Б.Иваниш­вили «Грузия арманы» атты саяси қозғалысты құрды. Жаңадан құ­рылған қозғалыс 2012 жылы өтетін парламент сайлауына қатысуды өз алдына мақсат етті. Алайда, сол жылы Михаил Саакашвили қозға­лыс жетекшісін азаматтықтан айы­ру туралы үкімге қол қойды. Оған оның 2010 жылы Франция азамат­тығын алуы желеу болды. Азамат­тықтан айырылғаннан кейін қозға­л ы с қ а М а н а н а К о б а х и д з е басшылыққа келді.


Ал 2012 жылы 7 мамырда қоз­ғалыс «Грузия арманы – Демокра­тиялық Грузия» ретінде саяси пар­тияға айналды. 1 қазанда өткен парламент сайлауында 150 орын­ның 85 мандатын жеңіп алды. Қал­ған орындарды Саакашвилидің партиясы иеленді. Осылайша мем­лекетте қос билік қалыптасты.


Дегенмен, біртіндеп Саакашви­лидің саяси беделі түсе бастады. Ол 2013 жылғы президент сай­лауына түсуден бас тартты. Бұл сайлауда билеуші партия мүшесі Георгий Маргвелашвили жеңіске жетті. 2016 жылғы парламент сай­лауынан кейін «Грузия арманы – Демократиялық Грузия» партиясы билеуші партияға айналды.



БРЮССЕЛЬДІҢ КӨЗДЕГЕНІ БІР ОҚПЕН ЕКІ ҚОЯН АТУ


Өткен жылы Украина, Молдова мен Грузия бірінен соң бірі ЕО-қа мүше болуға ниет білдірген еді. Алайда, Грузияның жолы ашылмай қойды. Брюссель өзге екі мемле­кетті ресми түрде одаққа мүше бо­луға үміткер ретінде мойындаса, Грузияға қатысты екі ойлы болып отыр. Оны одаққа қосуға мүдделі болғанымен, мемлекеттегі клепток­ратиямен бірлескен автократиялық тенденциялар және соған сәйкес Мәскеудің ықпалының күшеюі бұл мәселе бойынша кідіре тұруға мәж­бүр етуде.


Брюссель Грузияның одаққа мүше болайық деген өтінішіне 12 талап қойған. Грузия тарабы бұл талаптардың ішінде әсіресе «део­лигархизацияға» қарсылық көрсе­туде. Себебі, билеуші партияның бенефициары Б.Иванишвили. Оның бизнесінің басым бөлігі Ре­сейде екенін ескерсек, Брюссель бір жағынан демократиялық инсти­туттарды дамытуды көздесе, екінші жағынан Мәскеудің ықпалын тө­мендетуге әрекеті байқалады.


Билік сондай-ақ, медиа еркіндігін қамтамасыз ету мәсе­лесіне де тосқауыл қойып отыр. Мұны биыл билеуші партия ұсын­ған шетел агенттері туралы заң көрсетті. Бұл заңға оппозиция мен үкіметтік емес ұйымдар қарсылық көрсетіп, түрлі наразылық акцияла­ры өтті. Бұдан кейін билік заңды қабылдай алмады.


2021 жылы М.Саакашвилидің елге қайта оралып, оның тұтқында­луы онсыз да күрделі жағдайда отқа май құйғандай болды. Оның бұл әрекетін саяси қателік деп баға­лауға болады. Себебі, одан кейін парламенттің ықпалы одан сайын күшейіп, президент билігі төмен­дейтін заңдар қабылданып, жоға­рыда аталған шетелдік агент тура­лы заң жобасы дайындалды. Сондықтан бұл шешімімен Саа­кашвили елдің Еуропалық интегра­ция процесін аз болса да шегерді.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45