Германия Қазақстанға көмектесуге ниетті

Германия Қазақстанға көмектесуге ниетті Сурет: 24.kz

Неміс Ғылым және білім министрлігінің делегациясы біздің елге келіп, тасқынмен күрестегі тәжірибесімен бөліспек. 


Қазір Қазақстанға шетелдік кәсіпкерлер мен тұрғындар да ақша аударып, мейлінше жәрдемдесіп жатыр. Берлинде Қазақстанға көмек мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz


Онда жиылған жұртқа кейінгі 80 жылдағы ең алапат тасқын салдары көрсетілді. Ал Германиядағы Қазақстан елшісі еліміздегі қазіргі ахуал мен тасқынға тосқын қою шаралары туралы айтып берді.    



«Климаттың өзгеруімен айналысып жатқан ғалым ретінде біз үшін қазақстандықтарға қолдау көрсету маңызды. Біз Орталық Азияда жұмыс істейміз. Соның ішінде Қазақстандағы су ресурстарын зерттейміз. Климаттың өзгеруі салдарынан болашақта мұндай табиғат апаттары жиілеуі мүмкін екенін түсінуіміз керек», - дейді Потсдам климаттың әсерін зерттеу институтының ғылыми қызметкері Юлий Дидоветц.



Қайырымдылық шарасына федералдық үкімет мүшелері, ғалымдар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысты. Жиылған қауым су ресурстарын басқару саласында ортақ зерттеулер жүргізіп, кадрлар даярлау жағын талқылады. Жақында елімізге іс-сапармен неміс делегациясы келу керек. Құрамына геология институты мен табиғат апаттарын зерттеу ғылыми орталығының өкілдері кірген топ,,,біздің министрліктерлерге кеңес береді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13