Ғарышкерлер туралы қызықты деректер

Ғарышкерлер туралы қызықты деректер Сурет: Kazgazeta.kz

12 сәуір - ғарышкерлер күні. Тылсым ғарыш әлемінің заңдылығы, ерекшелігі өте көп. Атаулы күнге орай Almaty-akshamy.kz cайты назарларыңызға галактиканы бағындырған ғарышкерлердің өмірлерінде кездесетін кейбір қызықты фактілерді ұсынады. 



  1. Ғарыштың жалпы тарихында космоста ешкім өлген жоқ. Жазатайым оқиғалар болды, бірақ олардың барлығы жерден көтерілгенде немесе орбитадан жерге қонғанда болды. Дүниеден өткен ғарышкерлердің бәрі жерде (атмосферада) жан тапсырған.

  2. Күні бойы орбитада күннің он алты рет шыққанын байқауға болады, сондықтан ғарышкерлер шартты «жер уақытын» ұстанады.

  3. Ғарыштағы салмақсыздық сүйектердің кальций мөлшерін айтарлықтай азайтады

  4. Орбитада ғарышкерлердің бойлары орта есеппен 4-5 сантиметрге артады, өйткені космоста жердегі ауырлық күші әсер етпегендіктен, омыртқа түзетіледі.

  5. Ғарышкерлер азық-түлікті тек сұйық күйде, тюбиктерден тұтынады.

  6. Орбитада ең көп уақыт өткізген ғарышкер — Валерий Поляков. Оның 438 күндік рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ.

  7. Ғарышта ең ұзақ болған уақыт - 14 ай. Бұл рекорд та жоғарыда айтқан Поляковқа тиесілі, ол осынша уақытты Ресейдің «Мир» орбиталық станциясының бортында өткізді.

  8. Ғарышкерлердің көпшілігі алдымен салмақсыздық жағдайынан туындаған «ғарыштық аурудан» зардап шегеді. Бұл, ең алдымен, жүрек айнуы мен айналуы арқылы білінеді.

  9. Айға сапар шеккен «Аполлон 11» ғарышкерлері жерге оралғаннан кейін кедендік бақылаудан өтті. Кедендік декларацияда олар «Жүк — ай шаңы мен тастар» деп жазған.

  10. ХҒС бортындағы ғарышкерлер жердегі ұшуды басқару орталығынан жіберілген сигнал бойынша оянады және тұрады.

  11. Жерде ұйықтағанда қорылдайтын ғарышкерлер ғарышта олай жасамайды екен.

  12. Жерге оралғаннан кейін көптеген ғарышкерлерге заттарды жіберген кезде, олардың қасыңда ұшып жүрмей, төмен қарай құлап кететініне қайта үйрену оңайға соқпайтын көрінеді.

  13. Ғарышкерлер тістерін тазалағаннан кейін шығатын көбікті  жұтуларына тура келеді. Себебі ғарышта арнайы тіс паста қолданылады, бір сөзбен айтқанда, оны жеуге болатындай етіп жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53