Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы төртінші орын алды

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы төртінші орын алды Cурет: Baq.kz

Бразилия тәжірибелі құраманың бірі саналады


Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында Бразилиямен 3-орын үшін таласқа түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Футзалда Бразилия тәжірибелі құраманың бірі саналады. Аталған құрама әлем чемпионатында бес дүркін чемпион атағын жеңіп алған. Екі құрама тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде ойынның 12-минутында қазақстандық футзалшылар қарсыластар қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды. 
Ол бразилиялық қақпашы Гиттаға тиіп, автогол соғылды. Осылайша бірінші кезеңнен кейін Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде тартысты жекпе-жек одан әрі өрбіді. Ойынның 25-минутында қазақстандық құрамадан Тайнан ойламаған жерден өзінің қақпасына гол соғып алды. Ол 31-минутта қарсыластар қақпасына гол соғып, қайтадан Қазақстан құрамасы алға шықты. Дегенмен одан кейін бразилиялықтар қатарынан Родриго 32, Феррао 34, Ле 35-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 
Қазақстан қарсыласынан 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде Бразилия әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол созды. Қазақстан төртінші орынға тұрақтады. 
Сондай-ақ, бүгін финалда Португалия және Аргентина құрамалары шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 22:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 
Еске салсақ, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болса, Венесуэламен 1:1 есебімен тең ойнады. 
Одан кейін 1/8 финалда Таиландтан 7:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда Иранды 3:2 есебімен сүріндірді. Ал жартылай финалда Португалиямен овертаймда 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти тебуде қарсыласына жол берді. 
Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43