Францияда коронавирустың жаңа толқыны басталды - БАҚ

Францияда коронавирустың жаңа толқыны басталды - БАҚ Сурет: Ашық дереккөз

Елде коронавирус жұқтыру жағдайларының өсімі күрт көбейген


Эпидемиологтар мұны COVID-19-дың оныншы толқыны деп санайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


BFM TV телеарнасының мәліметінше, өткен аптада індетті жұқтырудың жалпы деңгейі 26%-ға өсті, ал жедел жәрдем бөлімшелеріне түскендер 20%-ға өссе, реанимацияға жіберу бір апта бұрынғыға қарағанда 15%-ға жиіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.


Женевадағы жаһандық денсаулық институтының директоры Антуан Флао өз кезегінде телеарнаға коронавирустың таралуы Францияға ғана емес, жалпы Еуропа елдеріне де әсер еткенін айтты.


Вирустың көбею коэффициенті 1,2 құрайды. R репродукция индексі - бір науқастан инфекция жұқтыртуы мүмкін адамдардың санын анықтайтын көрсеткіш.


Франциядағы COVID-19 жағдайының күрт нашарлауы зейнетақы реформасына байланысты халықтың наразылықтары аясында тіркеліп отыр. Осылайша, жұма, 17 наурызға қараған түні Парижде және Францияның бірқатар басқа қалаларында тәртіпсіздіктерге ұласқан зейнетақы реформасына қарсы жаппай наразылықтар болды.


Worldometer статистикалық сайтының мәліметтері бойынша, Францияда коронавирустың таралуы кезінде 39,7 миллионнан астам инфекция тіркелді. 165 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сайттың мәліметінше, қазіргі уақытта Францияда 119,6 мың тұрғын ауырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53