Фастфудты жарнамалауға болмайды

Фастфудты жарнамалауға болмайды Сурет: 1zoom.ru

Өзбекстанда сәуір айынан бастап газдалған және энергетикалық сусындардың әр литріне 500 бен 2000 сом аралығында акциз салығы енгізілді.


Сондай ақ балаларға арналған фастфуд пен күш беретін сусынды жарнамалауға шектеу қойылмақ. Ел үкіметі мектеп пен балабақша асханаларында тұтынуға болмайтын тағамдардың тізімін әзірлеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мақсат тұрғындар арасында семіздік дертін азайту. «2030 жылға дейін артық салмақтан зардап шегетіндердің үлесін - 50, ал балалар мен жастар арасындағы көрсеткішті 30%-ға қысқарту міндеті қойылып отыр. Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжатқа сай, білім ұяларында дұрыс тамақтануды насихаттау маңызды. Қолдануға ұсынылмайтын өнімдердің тізіміне қант, тұз, майлы тағамдар, хош иістендіргіштер мен бояғыштар кіреді», - дейді осы материалды әзірлеген тілші Базаркүл Отыншиева.



Шектеу мұнымен бітпейді. Құрамында химиялық қоспасы бар түрлі қытырлақ пен жылдам дайындалатын тағамдар, энергетикалық сусындар мен диеталық қоспаларды жарнамалау қатаң қадағаланады.


Жеткіншектердің дұрыс тамақтануы, дене шынықтыруы мен таза ауада серуендеуіне мән беру нормалары бойынша ұсыныстар әзірленбек. Бұл бағыттағы жұмыс жыл бойы жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:27

09:57

09:48

09:45

09:35

09:31

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11