Еуроодақ елдері COVID-19 вирусына қарсы 1 млрд қауіпсіздік сертификатын шығарды

Еуроодақ елдері COVID-19 вирусына қарсы 1 млрд қауіпсіздік сертификатын шығарды Сурет: Ria.ru

Еуропалық Одаққа мүше 27 ел коронавирусқа қарсы жалпы алғанда 1 млрд астам цифрлық қауіпсіздік сертификатын шығарды


Бұл санды Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен айтып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Еуропалық Одақ сертификаты – 60 ел мен аймақты қамтитын әлемдік стандарт. Бұл ЕО және оның сыртында қауіпсіз саяхаттауға мүмкіндік береді», - деді У.Ляйен Twitter желісі арқылы. Сейсенбі күні Еурокомиссия Covid-19 вирусына қарсы вакцинаның цифрлық сертификаты 270 күнге (9 ай) жарамды болатынын қарастыратын ережелерді бекітті.


Қатысушы елдер ковид-сертификаттары иелерінің бүкіл Одақ аумағында еркін саяхаттауы үшін бұған ыңғайлануы тиіс.


Сертифкат жарамдылығының мерзімі Еуропаның Аурулардың алдын алу және қадағалау орталығы ұсынған кеңестер негізінде орнатылған. Адам COVID-19 вирусын қарсы вакциналаудың бастапқы курсы аяқталғаннан кейін алты ай өткен соң вакцинаның бустерлік дозасын алуы тиіс. Бұл мерзімге тағы үш ай қосылған.


Жаңа тәртіп 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. 9 айлық мерзім соңғы дозаны алғаннан бастап есептеледі.


Цифрлық ковид-сертификатының тоғыз айлық мерзімі қатардағы еуропалықтарға саяхаттай алатынына сенімді болуына арналған. Қазіргі кезде ЕО-ға мүше елдердің міндеті – адамдарға вакцинаның «бустерлік» дозасын алу мүмкіндігін жедел қамтамасыз ету.


Цифрлық қауіпсіздік сертификаты – адам коронавирусқа қарсы екпе алғанын, аурудан жазылғанын немесе ПТР теріс нәтижесін көрсететін құжат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43