Еурокомиссия басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Еурокомиссия басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынасқа - 30 жыл


Биыл Қазақстанға Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен жұмыс сапарымен келеді. Мұны Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Былтыр қарашада Еуропалық одақтың (ЕО) бастамасымен Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның жетекшісі Урсула фон дер Ляйен шикізат материалдарын жеткізуді әртараптандыру бойынша меморандумға қол қойды. Бұл қаржылық және технологиялық салада ЕО-ның өнеркәсіптік альянсымен ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді», - деді Роман Василенко.



Мұнымен қоса спикер биыл елімізге Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен келетінін мәлім етті.



«Биыл біз Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл сапардың Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толуына тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53