EURO-2024: Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды

EURO-2024: Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды kff.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Марино (17 қараша) және Словения (20 қараша) құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қорытынды тізімге 27 футболшы енді.


Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);


Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей);


Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Ислам Чесноков («Тобыл»);


Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Иван Свиридов («Шахтер»);


Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы бапкер.



Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қараша айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі шешуші матч өткізеді. 17 қараша күні Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 21:00-те басталады.



Үш күннен кейін біздің құрама Словениямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 01:45-ке жоспарланған. Матч Любляна қаласы, «Стожице» стадионында өтеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39