Есепке жүйрік 157 оқушы білімдерін екі халықаралық олимпиадада сынайды

Есепке жүйрік 157 оқушы білімдерін екі халықаралық олимпиадада сынайды Сурет: 24.kz

Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадалары басталды.


«Математика» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған мықтылар ел намысын қорғайды. Әр өңірден іріктелген білім сайысына қатысушылар саны - 157 оқушы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Ұйымдастырушылардың айтуынша, зияткерлік жарыстар математика ғылымдары саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға, шараға қатысушы елдер арасында халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамытуға бағытталған.



«Қазақстаннан бұл олимпиадаларға жыл сайын 120-дан аса оқушы қатысады. 2003 жылдан бастап біздің олимпиадашылар 65 алтын, 182 күміс және 302 қола медаль жеңіп алды», - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Абай Дүйсен.



Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына Аргентина, Аустралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика секілді 38 ел қатысады. Ал, «Жібек жолы» олимпиадасында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің дарынды оқушылары жарысады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:42

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05